«Көркем сөздің саңылағы» атты әдеби микс өткізілді.

26 наурыз Далақайнар ауылдық кітапханашының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық ақыны, бүкіл Түркі дүниесінің ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтың 90 жылдығына орай «Көркем сөздің саңылағы» атты әдеби микс өткізілді. Іс – шараға Т.Әшімбаев орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, ақынның ғұмыры жырға, жыры ғұмырына айналған ақын екендігіне тоқталып өтті. Шараға қатысқан оқушылар Тұманбай ағамыздың «Жаным ана», «Туған үй», «Алатау» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Іс- шара соңында кітапханашы кітап қорындағы әдебиеттерге шолу жасады.