“Дала жұртын тамсандырған” атты өмірбаяндық шолу өтті.
26 наурыз күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Бодаубайдың 85 жылдық мерейтойына орай “Дала жұртын тамсандырған” атты өмірбаяндық шолу өтті. Мақсаты: Қазақтың көрнекті жазушысы Болат Бодаубайдың өмірі мен оның шығармашылығы туралы тереңірек танысу.Іс – шара барысында Болат Бодаубайдың өмір жолына шолу жасалып,кітап қорындағы “Таңғаламын өмірдің ғажабына” атты кітабы таныстырылып, оқуға шақырылды.

