“Наурыз көктем -жыр думан” атты әңгіме өткізілді.
20 наурыз күні Далакайнар ауылдық кітапханашының ұйымдастыруымен Т.Әшімбаев орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен “Наурыз көктем -жыр думан” атты әңгіме өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Наурыз мерекесі мен барша оқырмандарды құттықтап, қазақтың салт-дәстүрлері туралы соның ішінде бата-тілек туралы айтып,қазақ халқының кез-келген мейрамы ақ тілекпен батасыз өтпейтіндігі соның ішінде Наурыз батасының орны ерекше екеніндігіне тоқталды.
Шараға қатысқан оқырмандар танымал ақындардың және ел арасында тараған өзге де Наурыз батасы мен тілектерін айтты.


