«Зияткер тұлға- кемелденген адам» поэзия кеші өткізілді.
20 наурыз күні Көктөбе ауылдық кітапханасында еңбек жолын Қазақ теледидарында бастаған, Жамбыл облысындағы «Еңбек туы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жазушы, публицист. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Елен Әлімжанның 80 жылдығына орай «Зияткер тұлға- кемелденген адам» поэзия кеші өткізілді. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Кітапханашы жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы айтып, қордағы әдебиеттермен таныстырды.


