«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты әдеби әуенді кеш өтті.
20 наурыз күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз мерекесіне орай «Ақ ерке» балабақшасының қызметкерлерінің атсалысуымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты әдеби әуенді кеш өтті. Шара барысында наурыз мерекесінің тарихы мен қазақ халқының салт дәстүрлері жайлы мәліметтер айтылды.Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында әжелеріміз ұлттық киім кимешек киіп, қазақтың жүн сабау, түту, ұршық иіру жұмыстарын жасай отырып, халық әндерін орындады.


