Болат Оңғарбайдың «Ақыртөбе» кітабының тұсау кесері өтті.
19 наурыз күні ”Ақыртөбе” кітабының тұсау кесері Шу аудандық орталық кітапханада Болат Оңғарбайдың «Ақыртөбе» кітабының тұсау кесері өтті.
Кітап қазақ халқының Жоңғар, одан қалды Қоқан хандығының шапқыншылығына қарсы тұрған батырлардың ерен ерліктері жайында кеңінен суреттейді. Жазушы бабаларымыздың, әсіресе, туған елге, жерге қорған болудағы керемет істеріне назар аудартады, кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі етеді.
«Ақыртөбе» кітабы 2024 жылы Алматы қаласындағы «Тоғанай Т» баспаханасында 500 данамен жарық көрген. Барша оқырман қауымға арналған.
Кітаптың тұсау кесеріне Шу ауданының зиялы қауым өкілдері Шу аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, кітапхананың үздік оқырманы Қойшыбеков Жылқыбай Жазықбайұлы, Шу қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Шәймерден Мақсат, кинорежисер Шыңғыс Әбдібектегі аудан тұрғындары және кітапхана оқырмандары қатысты.
«Ақыртөбе» кітабының лентасы қиылып, кітапхана директорына сыйлады.
Іс – шара Естелік суретке түсумен аяқталды.


