«Тұманбай жыры -туған сыр» атты мәнерлеп оқу өтті.

19 наурыз күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Тұманбай жыры -туған сыр» атты мәнерлеп оқу өтті.

Мақсаты: ақын мұрасын дәріптеу, оның шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Оқырмандар ақынның теңіздей терең ойлы жақұт жырларын оқып, талғамы биік, талабы зор сазгерлердің жазған әндерін шырқады. Бойындағы бар асылын жұртына қалтқысыз жұмсаған ақынның жүрегінен шыққан жалынды жырлары, жыр сүйер қауымға мұқалмас қайрат қосты. Халықпен үні үндес, ұраны бір өнер жанашыры әрдайым ел ардағы, қауым құрметтісі саналмақ.

Возможно, это изображение 28 человек и текст