«Жыр сұңқары Жұмекен» атты поэзия сағаты өтті.

18 наурыз күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстан Республикасының гимнының авторы Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдығына орай «Жыр сұңқары Жұмекен» атты поэзия сағаты өтті. Іс – шараға Мәншүк Маметова атындағы мектептің 5 сынып оқушылары қатысып, әнүран және өлеңдері орындалды.

Шара мақсаты: қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасының терең шығармалары арқылы жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін туған тілін сүю – Отан алдындағы қасиетті борыштары екендігін ұғындыру.

Нет описания фото.