«Ұлттық киім – халық қазынасы» челленджін ұйымдастырып, ұлттық киіммен оқырмандарға қызмет көрсетті.

18 наурыз күні Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері Наурызнаманың он күндігі аясында 18 – наурыз Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – халық қазынасы» челленджін ұйымдастырып, ұлттық киіммен оқырмандарға қызмет көрсетті.

Ұлттық киім – қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек.

Ұлттық киім күні құтты болсын!