«Көктемді қондырып қанатыма» атты еске алу кеші өтті.
14 наурыз күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен А.Макаренко мектебінің 7-сынып оқушыларының қатысуымен Тұманбай Молдағалиевтың 90 жасына орай «Көктемді қондырып қанатыма» атты еске алу кеші өтті.Шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолымен таныстырып, шығармаларына тоқталып өтті.
Мақсаты: Тұманбай Молдағалиевтың ақындық талантын оқушылар жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту.


