«Туберкулез – жұқпалы дерт» тақырыбында денсаулық алаңы өтті.

14 наурыз күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 24 наурыз Бүкіл дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай «Туберкулез – жұқпалы дерт» тақырыбында денсаулық алаңы өтті. Іс-шара барысында мектеп медбикесі Светлана Сафроновна туберкулез туралы толық ақпарат беріп, қалай сақтану керектігі жайында айтып, кітапханашылар «Туберкулез туралы бәрін білу керек!» атты түсіндірме парақшаларын таратты.