«Аты аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр» атты кеші
14 наурыз күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Аты аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр» атты ерлік кеші Қ.Сәтпаев орта мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға ержүрек қолбасшының өмірі мен ерен ерлігі жайлы,нақыл сөздерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар батырдың ерлігін дәріптейтін кинофильмдер көрсетіліп, оқушылар ерлік, отан жайлы өлеңдерін оқыды. Шара соңында «Ұшқан ұя», » Москва үшін шайқас», «Арпалыс», «Қаһарман Бауыржан Момышұлы» атты фотоальбомдарына шолу жасалды.


