“Әдебиетіміздің алтын жағасы” атты танымдық сағат өткізілді.

13 наурыз күні Абай ауылдық кітапханасында алты алаштың көрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өткен ғасырдың 60 жылдары әдебиетке келген қара сөздің хас шебері, драматург, аудармашы, суреткер, киносценарист Қалихан Ысқақтың туғанына 90 жыл толуына орай “Әдебиетіміздің алтын жағасы” атты танымдық сағат өткізілді. Шарада Қ.Ысқақ туралы мәлімет берілді және кітаптары таныстырылып, жазушы шығармалары “Келмес күндер елесі”, “Қараорман”, “Қоңыр күз еді“ т.б. повесть, романдары таныстырылды. Мақсаты: жазушының шығармаларының ерекшеліктерін таныта отырып, оқырманның көркем әдебиетке деген назарын аударту.

Возможно, это изображение 18 человек, люди учатся, детская игрушка и текст