«Айдыны таза, тұғыры биік» атты печа-куча өткізілді.

13 наурыз күні Көктөбе ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында аудармашы, журналист, проза жанры бойынша жазушы, әдебиеттші Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығымен танысу мақсатында «Айдыны таза, тұғыры биік» атты печа-куча өткізілді. Іс – шараға Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушылары қатысып, кітапханашы Тәкен Әлімқұлов барша қазақ халқының жүрегіндегі ұлы тұлға, қазаққа көп еңбек сіңірген сыршыл жазушы. Киелі Созақ жерінен шыққан біртуар азаматтарымыздың бірі және бірегейі бола алатын ұлы азамат деп таныстырды.