“Есімі елге таныс Әлмұхан Исақ” атты сыр кеші өтті.

13 наурыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен Облыстық “Жазушымен бір күн” кітапханалық жобасы бойынша саясаттанушы, қоғам қайраткері, журналист Әлмұхан Исақтың 85 жылдық мерейтойына орай “Есімі елге таныс Әлмұхан Исақ” атты сыр кеші өтті. Іс-шараға Т.Рысқұлов мектебінің мұғалімі Р.Ш.Халитова қатысты. Шара барысында Меркі өлкесінде елге адал қызмет етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгердің өмір жолы, еңбегі, шығармалары таныстырылса, мектеп мұғалімі шығармашылығына арнайы тоқталып, бірнеше аудармаларынан үзінді айтып, оқушыларда өз ойларымен бөлісті.