«Мәңгілік елдің тарихындағы ұлы есім» тақырыбында тарихи сағат өткізілді.

13 наурыз күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында «Мәңгілік елдің тарихындағы ұлы есім» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Іс -шара барысында кітапханашы қатысушы оқырмандарға қазақ жастарының рухын асқақтатып, халқымыздың намысының үлгісін көрсетіп кеткен Қайрат Рысқұлбеков өмір жолдары туралы айта келе, жастығына қарамастан, қайсар мінез танытқан ол бүгінгі ұрпаққа үлгі, оның атын мәңгі есімізде сақтап ерлігі мен өр мінезін ұлықтауымыз керек екендігін насихаттады.

Мақсаты: Қайрат Рысқұлбеков желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі. Ол адам құқықтары мен тәуелсіздік үшін күресте батылдық пен табандылықтың символына айналды. Оның ерлігі Қазақстан тарихында өшпес із қалдырып, өскелең ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасына айналдығы туралы насихаттау.