«Жүрегі жырдан жаралған» атты оқу марафоны өткізілді.
12 наурыз күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушыларымен ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл мерей тойына орай «Жүрегі жырдан жаралған» атты оқу марафоны өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы ақынның «Құстар қайтып барады», «Әнім сен едің», «Бақыт құшағында», «Шақырады көктем», «Қаздар қайтқанда» әндерін еске алып, тұрақты оқырманымыз Ә.Есім томдық кітаптарынан үзінді оқып берді.


