«Жыр сұңқары Жұмекен» тақырыбында ақпараттық тайм өтті.
11 наурыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Жыр сұңқары Жұмекен» тақырыбында ақпараттық тайм өтті. Шара барысында қаламгердің өмірі, еңбек жолы, шығармалары таныстырылып, Сейсембек Қымбат жазушының «Даңқ пен дақпырт» романынан үзінді айтты.


