«Ана-өмір шуағы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
7 наурыз күні Бірлікүстем ауылдық кітапхананың қызметкерінің ұйымдастыруымен Домалақ ене орта мектебінің 2 сынып оқушыларының қатысуымен 8 наурыз аналар мерекесіне орай «Ана-өмір шуағы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап , бұл мерекенің қай кезде де орны бөлек екендігін, аналарға деген ыстық сезімін, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес деп жылы лебізін білдірді. Қатысушы оқырмандар Сәрсенбай Мәриям, Нұрбек Нұрбибі аналарға арналған өздерінің өнерлерін тарту етті. Кеш қонақтары Алпысбаева Гүлшат, Молдасанова Гүлзада балаларға деген ыстық, ықыластарын білдірді.

