«Сарқылмайтын жылылық, ана атты ұлылық» тақырыбында мерекелік кеш өтті.
6 наурыз күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, бөлімнің ақ жаулықты аналарын айтулы мерекемен құттықтау мақсатында, «Сарқылмайтын жылылық, ана атты ұлылық» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Шара барысында «Анашым», «Ана» атты өлеңдерін А.Берден мен А.Темірбек нақышына келтіре оқып, Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін күмбірлете орындады. А.Қосақовтың /Қазақстан Жзаушылар одағының мүшесі, ақын Ш.Мамасерікова жайлы бір үзік сыр/ «Қаламгерсің тұғырыңнан таймаған» өлеңін кітапханашы Н.Рахымбаева мәнеріне жеткізіп оқыды. Шараға оқырмандар белсене қатысып, бөлім оқырмандары К.Арғынбеков пен Ғ.Қажығалиев әуезді әндерін домбырамен қосылып шырқады. Бөлім оқырманы ардагер журналист А.Қосақов, Р.Малшыбаев, Т.Әлімжанова өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілегін жеткізді. ОКЖ директоры Б.Алжанбаева құттықтау сөз сөйлеп, кеш соңы мерекелік сыйлыққа ұласып, кітапханашы Э.Шыңғысова “Алғыс” әнімен аяқтады.



