“Ана өмір шуағы” мерекелік кеші өтті.
6 наурыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Дулати және А.Байтұрсынов мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен “Ана өмір шуағы” мерекелік кеші өтті. Аталған шарада кітапханашы өзінің жылы лебізін білдіріп, қыздар мерекесінің шуақты көктем күндерімен ілесіп келуінің тегін еместігін атап өтті. Мектептің өнерлі оқушылары би билеп, өнерден тарту жасап, ерекше көңіл-күй сыйлады.
