“Бауыржан Момышұлы: абырой мен ерлік- батырлық белгілері” атты әдеби сағат өткізілді.
5 наурыз күні Абай ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Ел болып оқимыз” жобасы аясында “Бауыржан Момышұлы: абырой мен ерлік- батырлық белгілері” атты әдеби сағат өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, кітап сөресіндегі “Ұшқан ұя” шығармасына шолу жасады.

