“Бауыржан Момышұлы-батыр тұлға” атты тарихи патриоттық кеш өткізілді.
5 наурыз күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушыларымен “Ел болып оқимыз” жобасы аясында “Бауыржан Момышұлы-батыр тұлға” атты тарихи патриоттық кеш өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы халқымыздың қаһарман ұлы Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, кітап сөресіндегі “Қанмен жазылған кітап” шығармасына шолу жасады.

