«Ғажайып кітап әлемі» атты Кітап шоу фестивалі өтті.
22 сәуір күні «Әулие ата-кітап оқитын өңір» облыстық жобасы мен 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Ғажайып кітап әлемі» атты Кітап шоу фестивалі өтті.
Фестивал тарихы тұнған Шу жерінен, танымал тұлғалардың ғибратты жолынан тағылым беретін көрнекіліктермен толысқан, кітап көрмесімен таныстырумен басталып, тарихи тұлғаларадың болмысын бейнелеу мен жалғасты. Сонымен қатар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған тактильді кітаптар көрмесі мен балаларға арналған кітап инсталияциялары қойылды.
Аталмыш шара кітапханашылардың “Кітап” биімен ашылып, “Кітап-кітапхана” өлең жолдарымен бастау алды. “Кітапханашылар” әні, “Қарахан мен Айшаның махаббаты” сахналық қойылым қойылды. Булашбекова Айгерім “Туған жер”, “Кітапханашылар” хор, “Жыр әнім Шу” хорымен аяқталды.
Оқырман мәдениетін қалыптастыру, жазушылар мен оқырманға бірыңғай алаң ұсыну мақсатын мұраттаған дәстүрлі фестиваль Тараз қаласы “Жеңіс алаңында” жиылған жұртшылыққа ғажайып әсер сыйлады.






