“Қазақтың батыр ұлы Бауыржан” тақырыбында өмірбаяндық шолу өтті.
5 наурыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен “Ел болып оқимыз” жобасы аясында “Қазақтың батыр ұлы Бауыржан” тақырыбында өмірбаяндық шолу өтті. Шара барысында кітапханашы оқушыларды Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының шығармашылығы,нақыл сөздерімен таныстырып, оқушылар батыр Бауыржанның ерлігі жайында айтты.
Мақсаты: Оқушыларға Бауыржан Момышұлының өмірін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

