“Дін және заманауи қоғам” атты дөңгелек үстел өткізілді.
3 наурыз күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №10 Шу колледж білімгерлерінің қатысуымен “Дін және заманауи қоғам” атты дөңгелек үстел өткізілді. Кітапханашы діннің шығу тарихы туралы, дін және заманауи өмір, толеранттық және ождан бостандығы туралы айтып өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемеларын зерттеу орталығы Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы, теолог Н.Бақтиярұлы қатысып, жастарға діннің шығу тарихын және оның қоғамда алатын орны туралы, дініне мықты болған халықтың санасы сергек, іргесі тұтас болады деп айта келе, білімгерлердің қойылған сұрақтарына жауап берді.
Мақсаты: Жастардың діни ой-санасын дұрыс қалыптастыруға бағыттау.

