«Алғыс – ең асыл сөз» тақырыбында әдеби жәрмеңке өтті.
28ақпан күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс – ең асыл сөз» тақырыбында әдеби жәрмеңке өтті. Іс-шараға түрлі этнос өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.Шара барысында кітапханашы алғыс айту мерекесінің шығу тарихы жайында айтып, кітапхана оқырмандары «Отан», «Атамекен» әндерінен шашу шашты. Кеш қонақтары алғыстарын айтып, жақсы көңіл күйде тарқасты.

