«Ұлты ұлысқан ортақ үй -Қазақстан» атты әдеби фреш өткізді.

28ақпан күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл және Алғыс айту күніне орай этносаралық және мәдениетаралық байланысты оқырмандарға түсіндіру мақсатында «Ұлты ұлысқан ортақ үй -Қазақстан» атты әдеби фреш өткізді. Шара барысында кітапханашы көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы екендігін баяндап, мерекемен құттықттады. Сондай-ақ оқушылар шеңбер жасап бір-біріне жан жылуын, ізгі ниеті мен лебіздерін білдірді.