“Ізгіліктің бір ізі алғыс айту” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

28 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай “Ізгіліктің бір ізі алғыс айту” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы ризашылық пен алғыс ұғымдарын түсіндіріп, оқушылар қойылған алғыс жайлы сұрақтарға жауап берді. Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір – бірімен үйлесімді қарым – қатынас жасай білуге үйрету, елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу

Возможно, это изображение 24 человека, люди учатся, очки для зрения и текст