“Мәңгілік ел-менің елім” атты әдеби музыкалық композиция өткізілді.
27 ақпан күні Қонаев ауылдық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл және Алғыс айту күніне орай “Мәңгілік ел-менің елім” атты әдеби музыкалық композиция өткізілді. Іс шараға «Ахыска» би тобының жетекшісі Ш.Тарзиев,Чуваш Мәдени орталығының төрағасы Н.Д.Храмов қатысып,Қазақстан халқына алғыстарын білдірді.Мың бұралған бишілер өз өнерлерін көрсетіп,көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.Шара соңында оқырмандар өздерінің алғыстарын қазақ еліне деген ыстық ықыласын білдіріп,жылы лебіздерін алғыс айту тақтайшасына бөлісіп,естелік суреттерге түсті. Кеш мақсаты Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт – дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
