«Тарлан талантқа тағзым» атты тақырыбында танымдық сағат өтті.
26 ақпан күні Тасөткел ауылдық кітапхансының ұйымдастыруымен Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай «Тарлан талантқа тағзым» атты тақырыбында танымдық сағат өтті. Іс шараға Ш.Мұртаза орта мектебінің 5-сынып оқушылары қатысып, тарихтың терең тамырын зерттеген М.Мағауиннің еңбектерімен танысты. Кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оқырмандарға тың мәліметтер ұсынды.

