«Шындықты арқау еткен ақын» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.

24 ақпан күні Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Т.Әшімбаев орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі жазушы, елге есімі етене таныс әдебиет қайраткері Тәкен Әлімқұловтың «Шындықты арқау еткен ақын» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың өмір жолымен, шығармашылығына тоқталып, туындыларымен толығырақ таныстырып өтті.

Шара соңында кітапханашы кітап қорындағы әдебиеттерге шолу жасап, оқушыларды кітап оқуға шақырды.

Возможно, это изображение 23 человека, люди учатся, детская игрушка и текст