«Ана тілі-ұлт жаны» атты жұлдызды қазына өтті.
21 ақпан күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 21 ақпан – Халықаралық тілдер күні мерекесіне орай Ш.Мұртаза орта мектебінің оқушыларының қатысумен «Ана тілі-ұлт жаны» атты жұлдызды қазына өтті. кітапханашы оқырмандарға өз ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіріп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету яғни тіл дегеніміз – әрбір адамның жаны,тәні, бар болмыс- бітімі екендігін айтып өтті. Мақсаты:Мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

