«Ана тілім, әдебиетім-баға жетпес рухани байлығым» атты оқу марафоны өткізілді.
20 ақпан күні Көктөбе ауылдық кітапханасында 21 ақпан Ана тілі күніне орай «Ана тілім, әдебиетім-баға жетпес рухани байлығым» атты оқу марафоны өткізілді. Іс шараға Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушылары қатысып, әртүрлі тіл туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды қызығушылықпен шешіп, кітапханашы Ана тілінде дұрыс сөйлеу және жазу бұл өз ойларын білдіре алу және қорғау керектігін түсіндіріп өтті.

