«Ана тілі- бабалар аманаты» атты әдеби микс ұйымдастырды.
20 ақпан күні Абай ауылдық кітапханасында Халықаралық Ана- тілі күні мерекесіне орай «Ана тілі- бабалар аманаты» атты әдеби микс ұйымдастырды. Шара барысында оқырмандар мемлекеттік тіл, ана тілі, тілді білудің маңызы мен қажеттілігі туралы ақпараттар алып, ой бөлісті. Тіл туралы өлең оқып, нақыл сөздердің мағынасын ашып, өзіндік пікірлерін білдірді.
Мақсаты: Қазақ жастары қазақ тілінің мәртебесін асыруға бел шеше кіріссе, алынбайтын асу болмас. Ана тілін танумен адам өз халқының өткеніне де ойлы көзбен қарап, болашағына да сенім арта алады. Осыны қазақ жастарына ұғындыру.

