«Ана тілі-ұлт жаны» атты жұлдызды қазына өткізілді.

20 ақпан күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні мерекесіне орай «Ана тілі-ұлт жаны» атты жұлдызды қазына өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға өз ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіріп, оқушылар тіл туралы сұрақтар мен жұмбақтарға жауап беріп, Ә.Айзере, А.Зарина тіл туралы өлеңдерін жатқа айтты. Шара соңында оқырмандар “Тіл мәртебесі-ел мәртебесі” атты кітап көрмесімен танысты.