«Тілім менің мәртебелі, ардақты» тақырыбындағы сторитиллинг өткізілді.
20 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен 21 ақпан Халықаралық ана тілі күніне арналып «Тілім менің мәртебелі, ардақты» тақырыбындағы сторитиллинг өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушы оқырмандарға өз ана тіліміздің мәртебесі жайлы айтып берді.Біздің асыл қазынамыз,сөз жетпес жауһарқұндылығымыз –ол ана тіліміз екендігін насихаттап өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға шақыру арқылы тереңірек оқыту, балаларға арналған сан-алуан тақырыптағы танымдық тәрбиелік туындылары арқылы балалардың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру, рухани-адами тәрбие беру, ұлтжандылық қасиеттер қалыптастыру.

