“Ана тілің – арың бұл” тақырыбында библиошар өтті.

20 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай “Ана тілің – арың бұл” тақырыбында библиошар өтті. Шара барысында кітапханашы тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті, ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасуын, әрбір елдің ұлттық мақтанышы, атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра екенін айтып, оқушылар шарларға жапсырылған сұрақтарға жауап берді.

Мақсаты: Жас жеткіншектер бойына халқының қадір-қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгерту, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу, қасиетті ана тілін қастарлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Возможно, это изображение 24 человека, люди учатся, отдел новостей и текст