«Ұлттық кәсіби театр өнерінің ізашары» атты фристайл- импровизация кеші өткізілді.
19 ақпан күні Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби орта мектеп оқушыларының қатысуымен Қазақ өнерінің қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлттық кәсіби театр өнерінің ізашары» атты фристайл- импровизация кеші өткізілді.
Мақсаты: Қазақ музыка өнерінің даму ерекшелігімен және оның тарихымен таныстыру. Елімізде халықтық және әлемдік музыка өнерінің қалыптасуына зор үлес қосқан өнер қайраткерлерімен таныстыру.
Шара барысында кітапханашы Халықтың ыстық ықыласына бөленген Қ.Жандарбековтың өмірі мен өнер жолы туралы мағұлмат берді. Ақынның өмір баянынан бейнеролик көрсетілді.

