“Есірткі және оның зияны” атты ақпараттық сағаты өтті.
18 ақпан күні Алға ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Амангелді орта мектебінің 6 сынып оқушыларымен “Есірткі және оның зияны” атты ақпараттық сағаты өтті. Мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа баулу.

