“Кітапханаға кітап сыйла” акциясы ұйымдастырылды.

14 ақпан күні Жаңа жол ауылдық кітапханада 14 ақпан -Халықаралық кітап сыйлау күніне орай “Кітапханаға кітап сыйла” акциясы ұйымдастырылды. Кітапханаға белгілі Қоғам қайраткері ,тіл жанашыры Асылы Алиқызы Осман, Жамбыл облыстық “Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Мүбәрак Қасымқызы Жинақбаева “Жамбыл облысындағы этностар мен этникалық топтар тарихы” атты т.б.кітаптар сыйға берілді. Оқырмандар Халилов Байрам, Жексенова Зәмза, Велиева Тахмина, Бақытжан Үшкенұлы, Ермек Назым акцияға белсене қатысып, кітапханашы алғысын “Періште Перизат” тәттісімен білдірді. Кітапханаға 41 кітап сыйға тартылды,оның ішінде мазмұны мен қаттамасы бүлінген кітаптар болды. Кітаптар іріктеліп, кітапхана қорына тізімге алынды. Мақсаты: Кітапхананың кітап қорын мәнді де мағыналы және де заманауи басылымдармен толықтыру. Сыйға берілген кітап арқылы жаңа оқырманға қуаныш сыйлау.