“Ауғанның отты жалыны” атты  еске алу кеші өткізілді.

14 ақпан күні Ақсу ауылының  кітапхана қызметкерінің және Ж.Баласағуни атындағы орта мектеп кітапханашының бірлесе ұйымдастыруымен 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай “Ауғанның отты жалыны” атты  еске алу кеші өткізілді.Шара барысында кітапханашы  оқырмандарымызға тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етіп, кешіміздің қонағы АӘД пәні мұғалімі М.Сихымбаев Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету екенін атап өтті.

Возможно, это изображение 27 человек, люди учатся и текст