“Ауғанның отты жалыны” тақырыбында кездесу кеші өтті.
14 ақпан күні Шу аудандық орталық кітапханаға қарасты Белбасар, Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай “Ауғанның отты жалыны” тақырыбында кездесу кеші өтті. Аталмыш шара Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталып, ауған ардагері өз қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы жайлы оқиғаларын баяндап, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.

