«Мәңгілік естен кетпес отты жылдар» атты кездесу кеші
14 ақпан күні Далақайнар ауылдық кітапханасында «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар» атты кездесу кеші Ауған соғысының ардагері Жұрқабаев Кенен Жұмажанұлы және кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді. Іс –шара барысында кітапханашы оқырмандарға Ауған соғысы жайлы , сол сұрапыл соғыстағы ауыртпалықтарды айта отырып, «Ауған ақиқаты» атты баяндаманы клуб меңгерушісі Бауыржан Жақсыбаев оқыды. Кеш соңында интернационалист-жауынгерлерге естелік сыйлықтар тапсырылды.

