«Ауған елесі мәңгі есімізде» тақырыбында кездесу өтті.
14 ақпан күні Бірлік ауылдық кітапхана мен клуб қызметкерлерінің бірлесі ұйымдастыруымен «Ауған елесі мәңгі есімізде» тақырыбында Ауған соғысының ардагері, “Қызыл жұлдыз” орденінің иегері Жанысов Түйтебай Өркенбайұлы мен Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Кездесу сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алумен басталып, Т.Жанысовтың майдандағы естеліктерін жастарға әңгімелеуімен жалғасып, Г.Шабанбаева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, күйші, композитор Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындап, кеш қонағына сый табыс етілді.

