“Ауғанның отты жалыны” атты еске алу сағаты өтті.
13 ақпан күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкері және мәдениет үйі қызметкерімен бірігіп кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай “Ауғанның отты жалыны” атты еске алу сағаты өтті. Мақсаты: Ауған соғысының ардагерлерін еске алу, олардың жат елде Отан алдындағы борышын өтеу кезіндегі ерлік жолдарын дәріптеу.Еске алу сағаты Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер туралы А.Әшірбек “Ауған соғысы – ұмытылмас естелік”атты баяндама оқып, слайдпен таныстырды.Кітапханашы Ж.Касенова “Мұндай соғыс болмаған” атты баяндама оқып,”Жартасты жастанған жасақ” атты кітабын таныстырды.

