«Ауған соғысы – жүректегі жара» атты кездесу кеші өтті.

13 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен,Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай «Ауған соғысы – жүректегі жара» атты кездесу кеші өтті. Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер, атап айтқанда Қуанышбеков Қайрат Қордабайұлы, Асанов Бауыржан Серікұлы қатысты. Шара барысында ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Мәдениет үйінің қызметкері Исаев Ерлан қонақтарға арнап ән айтса, Ы.Алтынсарин мектебінің 6 сынып оқушылары Қанат Айару және Үдербаева Медина би биледі. Ауған соғысының ардагерлері Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті.

Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгерлердің ерлігін үлгі ету. Ауған соғысы туралы көбірек мәлімет беру, Ауған соғысында опат болған боздақтардың рухына тағзым ету.

Возможно, это изображение 12 человек и текст