“Күрделі өмірдің көркем суретін жасаған жазушы” атты әдеби подиум өтті.
12 ақпан күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Төле би мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен Кәрібай Ахметбековтың 85 жылдық мерей тойына орай “Күрделі өмірдің көркем суретін жасаған жазушы” атты әдеби подиум өтті. Шара барысында кітапханашы дара дарынды, қаламы қарымды қаламгердің өмір жолымен таныстырып, шығармаларына тоқталды.


