“ Тәкен Әлімқұлов -шебер жазушы” атты оқу марафоны өтті.
11 ақпан күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында Тәкен Әлімқұловтың мерей тойына орай “ Тәкен Әлімқұлов -шебер жазушы” атты оқу марафоны өтті. Мақсаты: Тәкен Әлімқұловтың – өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мәлімет беру,оқушылардың мемлекеттік тілде сөйлеу аясын кеңейту және білімдерін толықтыру. Кітапханашы оқушыларға өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, кітаптарына шолу жасалынды. Оқушылар кітаптарымен танысып 1,2 том шығармаларыннан үзінді қысқаша оқып берді.

