“Қазақтың батыр ұлы” атты дөңгелек үстел өтті.
10 ақпан күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Алтынсарин атындағы орта мектебінің 3 “б” сынып оқушыларының қатысуымен “Ел болып оқимыз” жобасы аясында Кеңес Одағының батыры, гвардия подполковник, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерей тойына орай “Қазақтың батыр ұлы” атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Бауыржан Момышұлының өмірбаянын баяндап, жазушының “Ұшқан ұя” кітабымен таныстырды.

